Бішкекте ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкек қаласында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды. Биыл форум шығармашыл жастар арасындағы цифрлық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға арналды
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау мерзімі аяқталуда
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді 2025 жылғы 2 қыркүйек (қоса алғанда) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды.
5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күні
Елімізде БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, 5 қыркүйек Халықаралық қайырымдылық күні болып бекітілді. Қайырымдылық пен жанашырлық – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Азаматтарымыз көрсеткен қайырымдылық көмек мұқтаж жандардың өмірін өзгертуге мүмкіндік береді.
Астанада дәстүрлі «KitapTime – 2025» республикалық кітап фестивалі өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында дәстүрлі «KitapTime – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.
Қазақстан делегациясы ЕАЭО және ТМД-ның III Жастар форумына қатысты
Қазақстандық делегация 1–3 қазан аралығында Минскіде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің III Жастар форумы жұмысына қатысты.
«Жыл волонтеры» халықаралық сыйлығына онлайн-дауыс беру басталды
2025 жылғы 6–15 қазан аралығында Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында «Жыл волонтеры» халықаралық сыйлығының алғашқы кезеңі – онлайн-дауыс беру өтеді. Техникалық іріктеу қорытындысы бойынша байқауға 174 үміткер қатысып жатыр.

