Қазақстан делегациясы ЕАЭО және ТМД-ның III Жастар форумына қатысты

Қазақстандық делегация 1–3 қазан аралығында Минскіде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің III Жастар форумы жұмысына қатысты.

Форумға ТМД мен ЕАЭО-ға мүше барлық елдерден келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының  көшбасшылары сөз сөйледі. Іс-шараның негізгі мақсаты – түрлі мемлекет жастары  арасындағы диалогты дамыту, өзара түсіністікті нығайту және қазіргі заманның өзекті сын-қатерлеріне бірлесіп шешім іздеу.

Форум бағдарламасында панельдік сессиялар, стратегиялық пікірталастар, интеграцияның болашағына арналған форсайт-трек, сондай-ақ мәдени іс-шаралар мен бейресми кездесулер болды.

Форум қорытындысы бойынша мәдениет, білім, ғылым және инновация саласында жастар ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған бірлескен бастамалар мен ұсынымдар әзірленбек.

Leave a Reply