Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2025» ХІІІ Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды

Алматы қаласында «Ұлы Жібек Жолымен – 2025» ХІІІ Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Atakent-Expo» халықаралық көрме компаниясы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы және Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясы ұйымдастыруымен өтуде.